in

"Жетінші арнада" Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар арасында ауқымды телевизиялық дебат өтеді

5 тамызда Астана қаласындағы "Қазмедиа орталығының" концерт залында Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың өкілдерімен телевизиялық дебат өтеді. Жоба "Жетінші арнаның" тікелей эфирінде 20:26-да басталады.

Дебат басталар алдында, сағат 18:30-дан "Қазмедиа орталығының" холлында партия өкілдері өз жақтастарымен және БАҚ өкілдерімен кездеседі.

Жетінші арнадағы дебат білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналады және дәстүрлі пікірсайыс форматынан өзгеше, көрерменнің белсенді қатысуына негізделген жаңа форматта ұйымдастырылады.

Дебатқа Қазақстандағы жеті саяси партияның өкілдері қатысады:

· "Әділет" партиясы – Рауан Кенжеханұлы;

· Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – Максұт Насибулов;

· "Байтақ" партиясы – Алмаз Күнғожин;

· Қазақстан Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов;

· "Ауыл" партиясы – Шахмардан Байманов;

· "Ақ жол" партиясы – Дулат Тастекеев;

· Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәдәлі;

Пікірсайысты бес жүргізуші жүргізеді. Дебат төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде жүргізушілер партия өкілдеріне олардың сайлауалды бағдарламаларына қатысты өзекті сұрақтар қояды. Сонымен қатар қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, ашық пікірталасқа қатысады. Әр қатысушының негізгі жауабына 2 минут, ал қарсылас партия өкілімен сөзсайысқа 1 минут 30 секунд беріледі.

Екінші кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларында білім беру саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын таныстырып, әлеуметтік желілерден түскен сұрақтарға жауап береді. Бұл кезеңде негізгі жауапқа 2 минут, модератор сұрағына жауап беруге 1 минут 30 секунд қарастырылған.

Үшінші кезеңде сөз кезегі студиядағы көрерменге беріледі. Әр партия өкіліне көрермен тарапынан бір сұрақтан қойылады. Әр сұраққа жауап беру үшін 1 минут 30 секунд уақыт беріледі.

Төртінші, қорытынды кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға арнап қорытынды үндеу жасап, өз ұстанымдарын түйіндейді. Әр қатысушының қорытынды сөзіне 2 минут уақыт бөлінеді.

Дебаттың басты ерекшеліктерінің бірі – көрерменнің интерактивті қатысуы. Қазақстандық қоғамдық даму институты "Жетінші арнаның" тапсырысы бойынша сауалнама жүргізеді. Эфирдегі QR-код арқылы көрермендер "Сіз қай партияны қолдайсыз?" деген сұраққа онлайн дауыс бере алады. Дауыс беру нәтижелері тікелей эфир барысында жарияланып отырады. Оған қоса, 5 тамыз күні телеарнаның Instagram парақшасында жарияланатын посттағы пікірлер тікелей эфир кезінде экранның төменгі бөлігінде үздіксіз көрсетіліп отырады.

Дебат барысында партия өкілдері арнайы жеребе нәтижесіне сәйкес сөз сөйлейді. Жеребе дебаттан бір күн бұрын, 4 тамыз күні "Жетінші арнаның" қорытынды жаңалықтары кезінде (сағат 19:30) тікелей эфирде өтеді.

Теледебатты 5 тамыз күні сағат 20:26-да Жетінші арнаның тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан көре аласыз.

Тікелей эфир:

Сонымен қатар дебат барысында және эфир аяқталғаннан кейін барлық негізгі сәттердің қысқартылған бейненұсқалары, кадр сыртындағы эксклюзивті көріністер, фотосуреттер және жедел контент арнайы сілтемелер арқылы нақты уақыт режимінде қолжетімді болады. Сілтемелердің QR-кодын жобаның Digital PR-ына жауапты маманнан 5 тамыз күні алуға болады.

Аккредитация үшін – +7 702 496 1846

Digital PR – +7 701 268 4278