in

Италиялық аңыз футболшы, "Миланның" экс-капитаны Франко Барези дүниеден өтті

Италиялық аңыз футболшы, "Миланның" экс-капитаны және Италия құрамасының мүшесі Франко Барези 66 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды astana24.com.

Франко Барезидің дүниеден өткенін "Милан" футбол клубының баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде хабарлады.

"6-нөмірлі жейдесі секілді оның өнегелі жолы клубтың тарихы мен ДНҚ-сының ажырамас бөлігі ретінде мәңгі қалады. "Милан" клубы және барша "россонери" жанкүйері осы бір қиын сәтте Франко Барезидің отбасына қайғырып көңіл айтады", – делінген клуб хабарламасында.

La Storia del Milan è in lacrime per la scomparsa di Franco Baresi. Il suo esempio e la sua profondità saranno, per sempre come la sua maglia numero 6, parte integrante e fondamentale del DNA e del cammino di tutto il Club. Le condoglianze che AC Milan porge alla famiglia tutta… pic.twitter.com/a8wNOCUc2o— AC Milan (@acmilan) July 31, 2026

"Чемпионат" басылымының мәліметінше, Франко Барези бүкіл спорттық мансабында (1978-1997 жылдар аралығында) тек "Милан" сапында өнер көрсеткен. Ол алты рет Италия чемпионы атанып, төрт рет Италия Суперкубогын, үш рет Чемпиондар лигасын және бір рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.

Барези Италия құрамасы сапында 81 матч өткізген. Қорғаушы ұлттық құрамамен бірге 1982 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

Сонымен қатар ол 1994 жылғы әлем чемпионатының күміс және 1990 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.