Астана, Алматы мен Шымкентте 1 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда кұн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с деңгейінде болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 36 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,1 м/с деңгейінде болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 42 градусқа дейін жетіп, түнде 31 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,3 м/с деңгейінде болмақ.
