in

Қазақстандық үстел теннисшісі АҚШ-та өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев АҚШ-та өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды astana24.com ҰОК-ке сілтеме жасап.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Алан төрт кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1, Абхинав Ширбхатты (АҚШ) 3:0 және Эндрю Цаоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді.

Ал финалда Құрманғалиев аустралиялық Чулун Не Чулунды 3:1 есебімен ұтып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.