in

Бүгін ел мегаполистерінің бірінде күн 36 градусқа дейін ыстық болады

Астана, Алматы мен Шымкентте 31 мамырда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,2 м/с болмақ.

Астанада да күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с болады.

Шымкентте күн ашық. Күндіз термометр бағаны 36 градусқа дейін жетіп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с деңгейінде болмақ.