Алматыда Канье Уэсттің концерті басталды. Кеше, 14 тамызға жоспарланған концерт ауа райының қолайсыз болуы салдарынан өтпей қалған болатын. Есесіне шара бүгін, 15 тамызда өтіп жатыр, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Бұл жолы Алматының ауа райы концерт өткізуге қолайлы болып тұр. Стадиондағы халық саны өте көп. Стадионда орналастырылған жер шары түріндегі сфераға әртіс King әнімен шықты.
Ән орындалып жатқан кезде стадионда отшашу атылды.
