in

Ерке мен RaiM Италиядағы демалысынан видео жариялады (видео)

Қазақстандық әртістер Ерке Есмахан мен көпшілікке RaiM есімімен танымал Райымбек Бақтыгереев Италиядағы демалысынан видео жариялады. Жұлдызды жұптың жанкүйері оларға сәтті демалыс тіледі, деп хабарлайды astana24.com.

Ерке мен RaiM шетелге демалуға кетті. Бұл жолы олар Италияны таңдаған. Әртістер Белладжио курорттық қалашығында демалып жатыр. Бұл жерді Комо көлінің інжу-маржаны деп атайды.

Ерке ең үздік кадрлар арнайы дайындықсыз-ақ түсірілетінін жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

"Кейде ең әдемі кадрлар арнайы қойылымсыз-ақ түсіріледі екен. Өзімді италиялық киноның кейіпкеріндей сезініп тұрмын ", – дейді Ерке парақшасында.

"Италияның табиғаты әдемі деп жүрсем… табиғаттың өзі Еркенің қасында фон болып қалыпты ғой", "Сіздің бақытыңыз бүкіл қыз-келіншекке жұғысты болсын", " Италияның көркін ашқан Ерке Есмахан"- деп жазды әншінің жанкүйері.

RaiM Instagram-дағы парақшасында Комо көліндегі күннің әдемі батысын көрсетті. Рэпер кешқұрым суға түсуді жөн көрген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от RaiM (@raimusican)