Энергетика министрлігі KEGOC АҚ желісі бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Бұл туралы astana24.com ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Энергетика министрлігі баспасөз қызметі сағат кешкі 17:49-да мәлімдегендей, KEGOC АҚ желілері бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.
"Қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізуде. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі.
Сонымен қатар жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ️Жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бақылауында", – делінген министрлік хабарламасында.
