in

"Құпия ретінде айтқым келеді": Қазақстанмен шекаралас ел екінші АЭС салуға ниетті екенін мәлімдеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде екінші АЭС-тің жобасы дайындалып жатқанын алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеді, деп хабарлайды Gazeta.uz-ға сілтеме жасаған astana24.com.

Мирзиеевтің айтуынша, инвесторларды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету және энергия құнын төмендету үшін энергетиканы дамыту қажет. Алғашқы АЭС Жызақ облысында салынып жатыр.

"Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында қандай реформалар жасап, қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанымызды өздеріңіз көріп отырсыздар. Жызақта атом электр станциясы болады деп бұрын ойлап па едік?" – деді ол.

Бұдан әрі Мирзиеев тағы бір АЭС жобасы дайындалып жатқанын хабарлады.

"Бүгін сіздерге құпия ретінде айтқым келеді: жақын арада біз екінші станция бойынша да үлкен дайындық жүргізетін боламыз", – деп мәлімдеді Мирзиеев.

Оның сөзінше, екінші АЭС-тің салынатын орны, қуаты және жобаны жүзеге асыру мерзімі әзірге жарияланған жоқ.