in

"Рэкетир" жұлдызы әлемге әйгілі кино аңызы Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

"Рэкетир" фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық актер Саят Исембаев Instagram-дағы парақшасында аты аңызға айналған Джеки Чанмен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды astana24.com.

Суретте Саят Исембаев пен Джеки Чан камераға жымиып қарап, қатар тұр.

"Мистер Джеки Чан. Әлем аңызы. Бала кезімізде оның фильмдеріне барып, оған таңданыспен, ерекше ықыласпен қарайтынбыз. Сіз кереметсіз, Джеки Чан", – деп жазды Саят.

Белгілі болғандай, сурет 11 тамызда түсірілген. Алайда актер оны жақында ғана бөлісті. Желі қолданушылары суретке пікір қалдырып жатыр.

"Екі жұлдыз", "Аңыздар", "Керемет", "Екі мықты актер", "Енді "Рэкетир-4" фильмінің құрамын білемін", "Сізге қызығамын", "Қайсысы Джеки Чан?", "Үшінші болып тұрғым келеді", – деп жазды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Исембаев Саят Тимирбулатович (@issembayevsayat)