in

Астанадағы Энрике Иглесиастың концерті қалай өтті: көрермен желіде пікір білдірді

3 қыркүйекте, Астанада танымал испан әншісі Энрике Иглесиастың концерті өтті. astana24.com желідегі қоғам пікіріне шолу жасады.

Көрерменнің басым бөлігі концертке риза болды. Олар Энрике Иглесиастың харизмасы мен дауысын ерекше атап өтті.

Көрермен өз әсерін Threads желісінде белсенді бөлісті.

Алайда концертке көңілі толмай қайтқандар да бар.

Кейбір көрермен әншінің сахнаға кеш шыққанын айтты. Сондай-ақ Иглесиастың ән орындау кезіндегі қылықтарына қатысты да сын айтылды.

Сахна алдындағы құрылғылар да көрерменге кедергі келтірген.

Желідегі көптеген жазбада "Астана-Аренада" өткен концерт кезіндегі дыбыс сапасының нашар болғаны айтылған.

Сатып алған орындарына көңілі толмағандар да табылды.

Еске сала кетейік, наурызда Энрике Иглесиас Қазақстанда екі концерт беретінін хабарлаған еді. Әнші концерттердің қыркүйекте Алматы мен Астанада өтетінін айтқан болатын. Алматыдағы концерт 5 қыркүйекке жоспарланған.