in

Түркістан облысындағы мектепте ересектер арасында болған жанжалдың видеосы тарады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде ересектер арасында төбелес болды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды "Жетінші арна".

Дау педагогтар мен ата-аналар арасында туындағаны белгілі болды.

Оқиға видеоға түсіріліп, ол желіде тарап кетті. Кейіннен бұл жайтты аудандық білім бөлімі қарастырды.

Ауыл мектебіне қоғам белсенділері келгені анықталды. Олардың келу мақсатын анықтау барысында тараптар арасында дау туындап, ол кейін төбелеске ұласқаны хабарланды.

Қазіргі уақытта бұл мәселемен полиция айналысып жатыр.