"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның көтерілгені туралы хабарлады.
"Құрметті тұтынушылар, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы – "Энергосбыт" 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге шекті бағаның 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 39,30 теңге деңгейіне дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 45,59 теңге) көтерілгені туралы хабарлайды", – делінген компания хабарламасында.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы – "Энергосбыт" 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тарифтердің өзгеру себептеріне тоқталды.
Бұл:
2026 жылғы 15 шілдеден бастап "ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС Бірыңғай сатып алушысынан электр энергиясын сатып алу бағасының 13 теңге/кВтсағаттан 16 теңге/кВтсағатқа дейін, 23 пайызға өсуіне ("Атаулы қолдау алушылардың тізімін бекіту туралы" ҚР ҰЭМ 29.12.2025 жылғы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР ҰЭМ 10.07.2026 жылғы № 167 бұйрығымен бекітілген) байланысты.
Тұтынушылар топтары бойынша:
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/үйде тұрақты тұратын, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылардың тарифтік жоспарын таңдауы әлі де тиісті өтініш беру арқылы өздігінен жүзеге асырылады.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының тұтынушылары үшін тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысуларға электр энергиясын сату қызметтерінің тарифі – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 19,89 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 23,07 теңге) тұтынушылардың барлық тобы үшін.
