in

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн бұлтты болады

Астана, Алматы мен Шымкентте 20 мамырда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда күн бұлт болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.

Астанада да күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,2 м/с болады.

Шымкентте күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с деңгейінде болмақ.