in

Алматы, Семей және тағы екі өңірде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді

Алматыда, Семейде және Қазақстанның тағы екі облысында кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді. Орталықтардың жаңа мекенжайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жариялады, деп хабарлайды astana24.com.

Алматыда, Семейде, Алматы облысы және Түркістан облысында кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы өзгерді.

"Еске сала кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.", – делінген хабарламада.