in

Төрт қазақстандық боксшы көш басында: World Boxing жаңартылған рейтингін жариялады

World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде төрт қазақстандық боксшы көш бастады, деп хабарлайды ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасаған astana24.com.

World Boxing-тің жаңартылған рейтингінде Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бірінші орында тұр.

Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екінші сатыға жайғасты.

Ал Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ үздік ондыққа мына спортшылар кірді: