Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға Жаңа жылға орай iPhone-ды тиімді бағамен сатып алуды немесе сыйлық алуды ұсынатын алаяқтық схема тарап жатқанын ескертті, деп хабарлайды astana24.com ведомствоға сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында фишингтік сайттардың, сондай-ақ "тиімді ұсыныстар" бар күмәнді сілтемелердің қаупі туралы хабарланды.
"Қолданушылардың назарын аудару үшін алаяқтар кликбейт тақырыптарды, яғни сілтеме арқылы өтуге итермелейтін сенсациялық, арандатушылық немесе тым тартымды ұсыныстары бар хабарламаларды пайдаланады.
Мысалы: "Тек бүгін ғана! iPhone жарты бағамен, тек… жасауыңыз керек", "Сіз бұған сенбейсіз! Жаңа жылдың құрметіне сыйлықтар таратылуда!", "Бұл сенсация! Егер сіз түнде … ішсеңіз, тұмау да, коронавирус та қорқынышты болмайды".
Мұндай хабарламалар электрондық пошта арқылы және жұмыс істемейтін ұйымдардың, интернет-дүкендердің және басқа компаниялардың атынан әр түрлі мессенджерлер арқылы таратылуы мүмкін", – деп ескертеді ҚНРДА өкілдері.
Сонымен қатар алаяқтар бейнематериалдары бар хабарламаларды қолдана алады, оларды көру үшін пайдаланушыға арнайы қосымшаны орнату ұсынылады. Мұндай қосымшаны жүктеу арқылы зиянды бағдарламаны орнатып қоюыңыз мүмкін. Нәтижесінде алаяқтар дербес деректеріңізді ала алады, ал кейбір жағдайда құрылғыны қашықтан басқару мүмкіндігіне ие болады.
Фишингтік сілтемеге өтсе не болады
Сілтеме бойынша өткеннен кейін пайдаланушы фишингтік сайтқа кіруі мүмкін, ол түпнұсқа ресурсты – мысалы, жаңалықтар порталы, интернет-дүкен немесе басқа танымал интернет-сервисті сырттай қайталайды.
Жалған бетте пайдаланушыдан дербес, банктік немесе төлем деректерін енгізу сұралуы мүмкін. Егер мұндай ақпарат енгізілсе, оларды алаяқтар алып, ақша ұрлау үшін пайдалануы мүмкін.
Алаяқтық мақсаттағы кликбейтті қалай тануға болады
Мынадай белгілерге назар аудару қажет:
"Егер осындай белгілерге тап болсаңыз, қосымшаны дереу жабыңыз, ештеңе жүктемеңіз және сұратылған деректерді енгізбеңіз", – дейді ведомстводағылар.
Құрылғыларыңызды қалай қорғауға болады
Агенттік:
