in

Қазақстанның тағы бір қаласына Австралиядан ерекше жүк әкелінді (видео)

Алматы халықаралық әуежайының жүк терминалына Австралиядан дорпер тұқымды 558 қой әкелінді, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.

Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе айлағының жүк терминалы Австралиядан дорпер тұқымды 558 қойды қабылдаған.

"Жануарларды тасымалдау мұқият дайындықты талап етеді. Ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтаумен қатар, көлік контейнерлеріндегі температураны, желдетуді және орынды ескеру маңызды.

Мұндай рейстердің артында бүге-шүгесіне дейін ойластырылған логистика және ALA-дағы түрлі қызмет мамандарының үйлесімді жұмысы тұр", – деп қосты баспасөз қызметі.

Айта кетелік, Қазақстанда асылтұқымды мал басын арттыру жұмыстары жүріп жатыр. 30 қазанда Астанаға австралиялық дорпер қойларының алғашқы легі жеткізілген еді.