in

Ғалымдар болжамы: 2035 жылға қарай мұсылмандар саны христиандардан асып түседі

Pew Research Center зерттеу орталығының болжамына сәйкес, 2035 жылға қарай мұсылмандар саны христиандардан асып түседі, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Зерттеушілердің мәлімдеуінше, алдағы уақытта ислам әлемдегі ең көп ұстанушысы бар дінге айналады. Олар мұны мұсылмандар арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуымен байланыстырады.

Pew Research Center деректеріне сәйкес, 2020-2025 жылдары туу коэффициенті бір мұсылман әйелге шаққанда 3,1 баладан, ал бір христиан әйелге шаққанда 2,5 баладан келген.

Ал басқа діни топтардағы орташа туу коэффициенті 1,6 деңгейінде сақталған. Бұл ұрпақ алмасуына қажет деп саналатын 2,1 көрсеткішінен төмен.

Болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай мұсылмандар саны 2,57 млрд-қа, христиандар саны 2,52 млрд-қа жетеді, 2070 жылға қарай олардың арасындағы айырмашылық 0,6 млрд адам болады.