in

Әлемдік көшбасшылар Трамп, Путин және Си Цзиньпин Қытайда кездесті (видео)

Бүгін, 18 қарашада, Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпиннің алғашқы кездесуі өтті – олар АТЭЫ саммитіне жиналды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның мәліметінше, АҚШ, Ресей және Қытай көшбасшылары – Дональд Трамп, Владимир Путин мен Си Цзиньпин АТЭЫ саммитінің қонақтарына арналған салтанатты қабылдауда кездескен.

Қабылдау ҚХР төрағасының атынан ұйымдастырылған. Кездесу барысында президенттер қол алысып, қысқа ғана әңгімелескен.

Қабылдау орны ретінде Футянь ауданындағы Shenzhen International Communication Center таңдалған.

Кездесу видеосы Кремльдің Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер туралы хабарлаған еді. Кейін Қытай СІМ көшбасшылардың кездесетінін растады. Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков үшжақты кездесуге дайындық барысы туралы айтып берген болатын.

Қоса кетейік, 19 қарашада Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшылары "Цилинь Шаньчжуан" мемлекеттік резиденциясында келіссөз жүргізеді.