in

Молдова, Украина және Румыния аумағында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Молдова, Украина және Румынияда жер сілкінісі тіркелді. Мамандар оның магнитудасы 5,7 екенін мәлім етті, ал тұрғындар шамамен 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болғаны туралы хабарлама алды, деп хабарлайды astana24.com.

Молдовалық Noi басылымының Румыния Жер физикасы ұлттық институтына сілтеме жасап хабарлауынша, сәрсенбіге қараған түні болған жер сілкінісінің алдын ала мәлім болған магнитудасы – 5,7.

Google автоматты хабарлау жүйесі бастапқыда жер сілкінісінің магнитудасын 6,5 деп бағалағаны атап өтіледі. Алайда кейінгі сейсмологиялық деректер бұл көрсеткішті растаған жоқ.

Жергілікті TV6 телеарнасының ақпараты бойынша, жерасты дүмпуін Молдова, Украинаның Одесса облысы және Румынияның бірқатар өңірінің тұрғындары сезінген.

Құтқарушылар Бузэу, Вранча, Яссы, Васлуй уездері мен Бухарест аумақтарын тексеріп жатыр. Румыния билігінің мәліметінше, әзірге 112 қызметіне қоңыраулар түскен жоқ.

УНИАН мәліметінше, жер сілкінісі Украинаның Киев, Одесса, Полтава, Кировоград, Николаев, Черкассы және Днепропетров облыстарында да сезілді.

Cutremur puternic în Moldova https://t.co/lZY03Y5FqE— ReuniteMoldovaRO (@Tati81490833) November 18, 2026

Басылым ақпараты бойынша, тұрғындар магнитудасы шамамен 6,5 болатын жер сілкінісі туралы хабарлама алды.