Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты шектеу қойылды деп хабарлады "ҚазАвтожол".
Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, 2026 жылғы 18 қараша сағат 23:00-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы" автожолының 1153 — 1240 шақырым аралығында (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сондай-ақ 2026 жылғы 18 қарашада сағат 23:00-де Ақтөбе облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты KAZ06 "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы" автожолының 1240–1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасы-Арал қаласы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ал 2026 жылғы 18 қараша сағат 23:00-де ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасы минус болған кезде жауын-шашынның түсуі) байланысты жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін бірқатар республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді.
"Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай (айналып өту жолымен)-РФ шекарасы" автожолының 418 — 539 шақырым аралығы (Қарабалық кенті-Қостанай қаласы);
– аталған автожолдың 555-685 шақырым аралығы (Тобыл қаласы-Сарыкөл кенті);
– "Қостанай-Мамлютка» автожолының 250-404 шақырым аралығы (Ұзынкөл кенті-Тобыл қаласы).
Жолды 2026 жылғы 19 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
"Аталған шектеу шарасына байланысты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", – делінген хабарламада.
