in

Сәрсенбіде ел мегаполистерінде күн жылы болады деп күтілуде

Синоптиктер бүгін, 18 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana24.com "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Бүгін Алматыда көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1…+3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Астанада күн ала бұлтты болады деп болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +3…+5 градусқа дейін жылынып, түнде -4…-6 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы секундына 14 метрге жетеді.

Бүгін Шымкентте күн бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Күндіз термометр бағаны +15…+17 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4…+6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.