15 қыркүйекте Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Астанада күн аздаған бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,2 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 8,1 м/с.
