in

Ұлыбританиядағы жартылай марафон кезінде екі адам қайтыс болды

Ұлыбританиядағы Great North Run жартылай марафоны кезінде екі ер адам көз жұмды. Олардың қайтыс болғанын іс-шараны ұйымдастырушылар растады, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған astana24.com.

Басылымның мәліметінше, марқұмдардың екеуі де 25 жаста болған.

Жексенбіде өткен жарыс кезінде екі қатысушы да өзін жайсыз сезініп, құлап түскен. Жартылай марафон бағыты Ньюкаслдан Саут-Шилдске дейін созылған – қатысушылар 21,1 шақырымды бағындыруы тиіс еді.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар марқұмдардың Англияның солтүстік-шығысының тұрғындары екенін анықтаған. Олар іс-шарада қызмет көрсеткен медициналық топтың барлық күш-жігеріне қарамастан, көз жұмған.

Марафонға қатысушылардың өліміне не себеп болғанын мамандар анықтайтыны хабарланды.

Ұйымдастырушылар марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.