Үстел теннисінен Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық турнирдегі жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Ширек финалға жолдама алу үшін отандастарымыз Өзбекстан спортшыларымен бақ сынасты. Тартысты кездесуде қазақстандықтар 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы екі матчта Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Акашева жеңіске жеткен еді. Алайда кейіннен олардың екеуі де, сондай-ақ Альбина Жақсылықова да жекелей сында қарсыластарына жол берді.
Өзбекстан құрамасы ширек финалға шықты, енді Қытаймен кездеседі. Ал қазақстандық спортшылар жарысты жекелей және жұптық сында жалғастырады.
Ерлер ұлттық құрамасы да командалық жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда олар Бахрейн командасымен шеберлік байқасады.
Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан намысын жалпы саны 558 спортшы қорғап жатыр.
