Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді – ол Қазан қаласында өтеді. Жанкүйерлер спортшыға қолдау білдірді, деп хабарлайды astana24.com.
Бұл туралы спортшы Instagram-дағы парақшасында жазды.
"6 қараша – Қазандағы кезекті жекпе-жегім. Үзілістен кейін рингке оралып, жаңа белестерге жету жолымды жалғастыруға дайынмын", – делінген жазбада.
Жанкүйері Айдосты желіде пікір қалдыру арқылы қолдады.
"Тек алға", "Саған сәттілік тілейміз", "Абай бол, бауырым, денсаулық бәрінен маңызды", "Жеңіспен орал", – деп жазды олар.
Еске сала кетейік, 2022 жылы Миннеаполисте (АҚШ) Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы ауруханаға жатқызылды, ол комаға түсті және оған ота жасалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от <> (@yerbossynuly_aidos)
