in

"Жүрекке жетеді деген үміттемін": Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің бірлескен әні шықты

Қазақстандық әншілер Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртастың бірлесе орындаған әні жарыққа шықты. Жаңа туындыны олардың тыңдармандары мен өнердегі әріптестері жоғары бағалады, деп хабарлайды astana24.com.

Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртаспен бірге орындаған "Не деген әдемі" атты әні жарыққа шыққаны туралы жаңалықты бөлісті.

"Жүректен шыққан әніміз жүрекке жетеді деген үміттемін. Әннің толық нұсқасын YouTube арнамнан тыңдап, Telegram-дағы парақшадан жүктеп алсаңыздар болады", – деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Төреғали Төреәлі (@toregalitoreali)

"Керемет шығыпты", "Бұл әнді көптен күткен едік", "Тамаша ән, екі жұлдыз", "Керемет орындадыңыздар", "От!" – деп Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің тыңдармандары жылы лебіздерін білдірді.

Әншілерге өнердегі әріптестері де қолдау білдірді.