Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды astana24.com Cпортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл – Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
