in

Кристина Морозова спорттық жүрістен Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кристина Морозова Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Қазақстандық жеңіл атлет спорттық жүріс жарысында 1 сағат 35 минут 25 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды.

Осылайша, 25 жастағы Кристина Морозованың ұлттық құрама қоржынына екінші күміс жүлдені салды. Бұған дейін каратэші Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.

Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 13 медаль бар, оның алтауы – алтын.

Алдағы күндері қазақстандық жеңіл атлеттер бағдарламаның өзге дисциплиналарында жүлделер үшін бақ сынайды.