Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Бэлла Самашева қол жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды astana24.com Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тоёхаси спорт кешенінде каратэден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр.
Кумите бағдарламасы -55 кг дейінгі салмақта Бэлла Самашева қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз жүлде жолында өзбек спортшысы Севинч Рахимованы басым түсті.
Айта кетейік, Бэлла үшін бұл алғашқы Азия ойындары.
