in

Бүгін Қазақстанның бір мегаполисінде жаңбыр күтіледі

23 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте күн қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,8 м/с.

Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,6 м/с.

Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 31 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,6 м/с.