in

Илон Маск тауда қалған қазақстандықтардың қалай құтқарылғаны туралы жазбаны желідегі парақшасында бөлісті

Илон Маск X желісіндегі парақшасында Шығыс Қазақстан облысындағы тауда қар құрсауында қалып қойған бес адамның қалай құтқарылғаны туралы жазбаны бөлісті, деп хабарлайды astana24.com.

"Starlink адам өмірін сақтайды", – деп жазды миллиардер.

Ол бөліскен жазбада Қазақстанның қар басқан тауларында қалған бес адамды құтқаруға Starlink -тің қандай көмегі тигені айтылған.

Бес адам мінген жол талғамайтын көлік Күршім ауылынан шамамен 15 километр қашықтықта сынып қалған. Онда ұялы байланыс желісі болмаған. Сол кезде Starlink жаһандық спутниктік жүйесінің арқасында олар құтқарушылармен байланысқа шыққан.

Starlink saves lives— Elon Musk (@elonmusk) November 8, 2026

Көмекке "Трэкол" көлігімен шыққан құтқарушылар шамамен 100 шақырым жол жүріп, оларға жеткен.

Құтқарушылар автокөлікті Қыстау Күршім ауылына дейін сүйреп жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.