Синоптиктер Астанада 9-15 қараша аралығында, яғни алдағы жеті күнде күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды astana24.com.
Метеорологтардың мәліметінше, 9 қарашада Астанада аздаған жаңбыр жауады. Орташа температура 3°C шамасында болады. Күндіз ауа температурасы +11°C-қа дейін көтеріліп, түнде -2°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 88 пайыз, желдің жылдамдығы – 7,4 м/с.
10 қарашада күн бұлтты болады. Сейсенбіде орташа температура -1°C болса, максималды көрсеткіш +2°C-қа дейін жетіп, минималды көрсеткіш -4°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 67 пайыз, желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.
11 қарашада күн ақша бұлтты болып, орташа температура -2°C-ты көрсетеді. Күндіз ауа температурасы +1°C-қа дейін көтеріліп, түнде -4°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 58 пайыз, желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
12 қарашада күн ашық әрі орташа температура -2°C шамасында болады. Бейсенбіде ауа температурасының максималды көрсеткіші +2°C-қа дейін көтеріліп, минималды көрсеткіші -3°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 71 пайыз, желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.
13 қарашада да күн ашық, ал орташа тәуліктік температура -1°C шамасында болады. Күндіз ауа температурасы +2°C-қа дейін көтеріліп, түнде -3°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 67 пайыз, желдің жылдамдығы – 2,8 м/с.
14 қарашада күн ақша бұлтты болады деп күтіледі. Сенбіде орташа температура -1°C болса, максималды көрсеткіш +3°C, ал минималды көрсеткіш -2°C болмақ. Ауа ылғалдығы – 57 пайыз, желдің жылдамдығы – 3,1 м/с.
15 қарашада да күн ақша бұлтты, ал орташа температура 0°C шамасында болады. Жексенбіде ауа температурасы күндіз +3°C-қа дейін көтеріліп, түнде -2°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдылығы – 70 пайыз, желдің жылдамдығы – 1.7 м/с.
