in

Польшадағы атыс: Күдікті ауруханада қайтыс болды

Малополь воеводствосының полициясы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Краков орталығында оқ атқан күдіктінің көз жұмғанын хабарлады, деп жазады astana24.com.

"Қайғылы оқиғаға кінәлі адам бүгін таңертең ауруханада қайтыс болғанын хабарлаймыз", – делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польшаның Краков қаласының орталығында атыс болғанын, қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін жазған едік.

Краковтағы атысқа байланысты Польшада 8 және 9 қараша қаралы күн деп жарияланды.

Кейінірек полицейлер күдіктінің үйінен бірнеше адамның мәйітін тапқаны хабарланды. Олар күдіктінің жақындары болуы мүмкін.

Краковтағы атыстан кейін прокуратура "терроризм" бабы бойынша іс қозғады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Краковтағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты.