Құрылтай отырысында депутат Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа барып, далада қалған қазақстандықтарға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Депутат Константин Петров Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа аттанып, далада қалған 200 қазақстандық студентке қатысты жағдай, сондай-ақ Ақтөбеде ондаған адамды алдап, жалған турларға несие рәсімдеген фирманың әрекеті туристік қызмет пен жастар алмасу бағдарламаларын реттеу саласындағы күрделі мәселелерді көрсетіп бергенін мәлімдеді.
"АҚШ-та жастар алмасу бағдарламалары (соның ішінде Summer Work Travel) BridgeUSA жүйесі арқылы федералды деңгейде қатаң регламенттелген. (…)
Еуропалық Одақта ұйымдастырушылар сапардың барлық кезеңі үшін, тіпті қызметті шетелдік субмердігерлер көрсетсе де, қатаң жауапкершілік арқалайды. ЕО заңнамасы міндетті кепілдіктер мен өтемақы қорларының болуын талап етеді", – деді депутат.
Бұл ретте Қазақстанда жастарды шетелге тағылымдамаға жіберетін делдалдардың қызметі тиісті деңгейде лицензияланбайды және бақыланбайды.
Осыған байланысты депутат мынадай ұсыныстар жасады:
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-қа ұйымдастырылған турмен барған шамамен 200 қазақстандық студент турды ұйымдастырған компанияның кесірінен шетелде қалып қойғанын айтқан болатын.
