"КешYOU" тобының бұрынғы солисі, әнші Жанар Дұғалова Алматыда өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концертінде өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды astana24.com.
Жанар Дұғалова Қайрат Нұртаспен дуэт айтқан сәттің кадрларын өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
"Алматы, көп рақмет! Қайрат Нұртас 20 жыл сахнада! Шығармашылық кешің құтты болсын!" – деп жазды әртіс.
Жанар сахнаға күміс түсті көйлекпен шықты. Ал желі қолданушылары әншілерге жылы лебіздерін жаудырды.
"Жанар, өтінемін, жеке концертіңді беріңізші", "Жанар – аңыз әнші", "Дауысы құлаққа жағымды", "Дауысыңыз қайталанбас, ғажап", "Керемет дуэт", "Менің сүйікті әншім", "Жеке концертіңді күтеміз", "Жанар өзгермей ме, керісінше, одан сайын сұлулана түсіпті", "Дауысы от, шынымен өте талантты жан", – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Zhanar Dugalova Жанар Дугалова (@zhanar_dugalova)
