in

WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

WBO президенті Густаво Оливьери X желісіндегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмақтағы бос титул үшін өтетін жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды astana24.com.

Оның айтуынша, екі тарап та ұйымды 168 фунт салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы хабардар еткен.

"WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының бос титулы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарлама алғанын растайды. Қосымша мәліметтер кейінірек жарияланады", – деп жазды Оливьери.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 қыркүйекте WBO Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Банк арасындағы екінші орта салмақтағы әлем чемпионының бос титулы үшін жекпе-жекті санкциялаған. Бұл қаулы британдық Хамза Шираз белбеуден ресми түрде бас тартқаннан кейін қабылданды.

Кейінірек Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізуді сұрады.