in

Роналду Аргентина құрамасындағы соңғы матчын өткізген Мессидің желідегі жазбасына жылы пікір қалдырды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Аргентина құрамасындағы соңғы матчын өткізген Лионель Мессиге құрмет білдіріп, желідегі жазбасына жылы пікір қалдырды , деп хабарлайды astana24.com.

Месси Instagram желісіндегі парақшасында Аргентина құрамасымен қоштасу хатын жариялады.

"Бұл қуаныш пен біраз мұңға толы керемет сапар болды, бірақ әр қадамымның бекер болмағанына сенімдімін", – деп жазды ол.

Месси команда мен жанкүйеріне алғыс айтып, оларды сағынатынын жеткізді. Сонымен қатар футболшы құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешімін дұрыс деп санайтынын баса айтты.

Жазбаға Криштиану Роналду пікір қалдырып, Аргентина құрамасының бұрынғы капитанына деген құрметін білдірді.

"Лео, сен өз еліңнің намысын талай жыл қорғадың, бұл тарих мәңгі есте қалады. Аргентинамен бірге жеткен жетістіктерің үшін құрметім шексіз. Құшақтадым", – деп жазды Роналду.

Бұған дейін Аргентина құрамасы Буэнос-Айресте өткен тарихи жолдастық кездесуде Бенин командасын ірі есеппен жеңген. Бұл Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы соңғы матчы болды.