in

Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил үйленгендеріне 14 жыл толуына орай ескі отбасылық фотоларын жария етті

Танымал жұп мерекеге орай әлеуметтік желіде әсерлі кадрлар жариялады, деп жазды People басылымына сілтеме жасаған astana24.com.

Әнші Джастин Тимберлейк пен актриса Джессика Бил некелеріне 14 жыл толғанын атап өтті. Айтулы күнге орай 45 жастағы музыкант пен "Кэнди" сериалының 44 жастағы жұлдызы әлеуметтік желідегі парақшаларында бір-біріне деген сезімдерін білдіре отырып, мұрағаттық және жеке суреттер топтамасын жариялады.

Тимберлейк жұбайымен қол ұстасып серуендеп жүрген суретін жүктеп, оны "rез келген өмірімдегі сүйікті адамым" деген жазбамен толықтырды. Сондай-ақ әнші әйелінің жарықдиодтық бетперде тағып түскен қызықты суретін жариялап, оны "әлемдегі ең үздік ана" деп атады. Жұп екі ұл тәрбиелеп отыр – 11 жасар Сайлас пен 6 жасар Финеас. Бил күйеуін құшақтап тұрған соңғы фотосуреттің астына Тимберлейк: "14 жыл артта қалды, алда мәңгілік бар", – деп жазды.

Актриса да жауап ретінде бірге түскен селфиін "Мерейтойыңмен, махаббатым" деген жазбамен бөлісті, сонымен қатар Тимберлейктің ұлдарымен тау шаңғысы базасында түскен суретін жариялап, жұбайын "ең үздік әке" деп атады. Жұлдызды жұп балаларын баспасөз назарынан тыс ұстауға тырысады және әдетте олардың жүздерін көпшілікке жарияланған суреттерде көрсетпейді. Поп-орындаушы мен актриса 2012 жылдың 19 қазанында Италияның оңтүстігінде некесін қиған. Бұған дейін Бил олардың берік некесінің құпиясы үнемі қолдау көрсету мен әңгімелесуде екенін атап өткен болатын.