in

Мексикада түрмеде төбелес болып, 10 адам қаза тапты (видео)

Мексикадағы түрмедегі төбелес салдарынан кемінде 10 адам мерт болып, тағы 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Известия" басылымына сілтеме жасаған astana24.com

Испаниялық El País газетіндегі жарияланымға сілтеме жасаған "Известияның" жазуынша, төбелес Мексиканың Синалоа штатындағы "Эль-Кастильо" түрмесінде болған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін мекемеге ұлттық гвардия қызметкерлері жіберілген.

"Қайтыс болғандардың арасында мекемеде жазасын өтеп жатқан туыстарына келген адам да бар", – делінген жарияланымда.

Құқық қорғау органдары араласқаннан кейін түрме бақылауға алынғаны нақтыланды. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген, сол күні түрмеге келушілер үшін кездесулер тоқтатылған. Штат прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеуді бастаған.

Оқиға Синалоада жалғасып жатқан қауіпсіздік дағдарысы аясында болғаны атап өтіледі, бұл өз кезегінде қылмыстық топтардың текетіресімен байланысты, делінген жарияланым мәтінінде.

URGENTE Al menos seis muertos y 15 heridos tras motín en el centro penitenciario El Castillo ubicado en Mazatlán, Sinaloa, México. https://t.co/Haa2xswbCY— News On Demand (@OnDemand_News) October 8, 2026