in

Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды astana24.com.

Журналистің жазуынша, ішкі біріншілікке Сәкен Бибосынов жарақаты салдарынан қатыспайды.

"29 қазанда Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Азия ойындарында жүлдеге іліккен Махмұд, Төрехан және Айбек қатыспайды. Нұрбек те үзіліс алыпты. Қыздардан Алуа мен Наталья өнер көрсетпейді.

Қалған қыз-жігіттер түгелдей келуге міндетті. Сол жерде өз мықтылығын дәлелдегендер ғана ұлттық құрамаға алынады. Өте қызықты әрі тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Басы-қасынан ақпарат таратамыз.

Тағы бір айтайын дегенім, ішкі біріншіліктен Сәкен Бибосыновты көрмейміз. Өкінішке орай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз… ", – деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)