in

Жетісу облысында "Салауатты қоғам – есірткісіз болашақ" марафоны өтті

Жетісу облысының еріктілері өңірде өткен "Салауатты қоғам – есірткісіз болашақ" атты облыстық марафонға белсенді қатысты. Бұл бастама салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараға еріктілермен бірге жастар және Жетісу облысының полиция қызметкерлерін қосқанда жалпы 500-ге жуық адам қатысты.

Марафон аясында қатысушылар салауатты өмір салтын ұстану және есірткісіз болашақ құру идеясын қолдады. Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға, есірткі заттарының зиянын түсіндіруге және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша озық қатысушылар жүлделермен марапатталды. Сонымен қатар басқа қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Мұндай бастамалар полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға, жастарды оң бастамаларға тартуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Салауатты қоғам – әрқайсымыздан басталады!