in

Бельгиялықтар королі мен патшайымы Тоқаев резиденциясындағы сәйгүліктерді тамашалады

Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым Астанаға сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясындағы сәйгүліктерді көрді, деп хабарлайды Ақорда.

"Бельгиялықтар королі Филипп пен Матильда патшайым сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады", – делінген Ақорда хабарламасында.

Король мен патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.