АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте болған атыс салдарынан үш бала мен мұғалім қаза тапты, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Бұл туралы astana24.com CBS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бенд қаласы полициясының бастығы Майк Кранцтың айтуынша, қаза тапқан балалар 5, 8 және 11 жаста болған, сондай-ақ мұғалім де қайтыс болды. Зардап шеккендердің арасында 7 жасар бала мен 54 жастағы оқытушы бар – олар ауыр жарақатпен медициналық орталыққа жеткізілді.
Кеше төтенше қызмет диспетчерлері қарулы адамның мектепке кіргені туралы ондаған қоңырау қабылдады.
Шабуыл жасаушы ғимаратқа құлыптаулы есіктерге оқ ату арқылы кіргені хабарланды.
Полиция оқиға орнына алғашқы қоңыраудан кейін үш минут ішінде жетті – қоңырау шалған ер адам мектеп маңындағы көлікте болған. Күдікті оған қарай бірнеше рет оқ атқаны айтылады.
"Тәртіп сақшылары келген сәтте күдіктіні оқиға куәгері өлтірген", – деп мәлімдеді қала полициясының бастығы.
"Қызметкерлердің бірі күдіктіні жергілікті тұрғын атып тастағанын хабарлады. Ол күдіктінің мектепке кіргенін көріп, артынан ілесіп барған және онымен текетіреске түскен", – деді Кранц.
Шабуыл жасаушыны атып тастаған куәгер туралы деректер жарияланбады.
Әзірге күдіктінің мектеппен қандай да бір байланысы болған-болмағаны белгісіз.
Орегон губернаторы Тина Котек "одан әрі адам шығынын болдырмау үшін ерлікпен арпалысқан" куәгердің әрекетін жоғары бағалады.
"Бүгін Орегон тұрғындары бұл қайғыға ортақтасуда. Бұл – сұмдық күн. Ешбір ата-ана мұндайды бастан кешпеуі керек. Және ешбір қоғам мұндай жағдайды өткермеуге тиіс", – деп мәлімдеді ол.
ФБР директоры Кэш Патель ведомствоның жергілікті бөлімшесі Орегон полициясына тергеу ісінде көмек көрсетіп жатқанын айтты.
TRAGIC: MASS SHOOTING AT AN ELEMENTARY SCHOOL IN OREGON, USA Three children, aged 5, 8 and 11, and a teacher were killed in a shooting at an elementary school in Bend, Oregon. Two others — a 7-year-old child and a 54-year-old teacher — are in critical condition. An armed bystander carrying a concealed weapon confronted the 16-year-old gunman and stopped the attack, preventing further loss of life. Nation salutes the hero! https://t.co/rQx3dBvoD5— Megh Updates ™ (@MeghUpdates) October 16, 2026
