Тулузадан Кан қаласына бағыт алған француздық Volotea әуе компаниясының ұшағы апаттық дабыл берді. Кейінірек әуе кемесі қонды, деп хабарлайды astana24.com "Известия-ға" сілтеме жасап.
Flightradar24 сервисінің деректеріне сүйенген "Известия" мәліметінше, Франция әуе кеңістігінде Volotea әуе компаниясының ұшағы апаттық дабыл белгісін берді.
Ақпаратқа сәйкес, әуе кемесі Тулузадан Астана уақытымен сағат 9:55-те ұшып шығып, Кан қаласына қонуға тиіс болған. Одан кейін әуе кемесі Лимож қаласының әуежайына бағыт алды. Соңғы мәлімет бойынша, ұшақ қонды.
Дабыл белгісін берудің нақты себептері мен ұшақтың қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Ұшқыштар 7700 кодын борттағы төтенше жағдай туралы хабарлау үшін қолданады.
