Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар кей жағдайда 31 желтоқсанда демалу мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл күні қызметкердің жұмыс істейтінін не істемейтінін жұмыс беруші қабылдайды, деп хабарлайды Еңбек министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Қазақстанда жұмыс беруші қызметкері 31 желтоқсанда демала ма, демалмай ма өзі шеше алады.
"Қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс берушілерге қызметкерлермен келісе отырып, 31 желтоқсанды қысқартылған жұмыс күні ретінде белгілеуге, жұмыс уақытының икемді кестесін қолдануға немесе қызметкерлерді жұмыстан толық босатуға мүмкіндік береді", – делінген Еңбек министрлігі хабарламасында.
Елімізде мереке күндері "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңымен реттелетіні атап өтілді. Құжатта ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және басқа да мерекелер қарастырылған.
"Бұл ретте ұлттық және мемлекеттік мерекелер күндер демалыс күндері болып саналады. Сонымен қатар мереке күндері, әдетте, маңызды тарихи, мәдени немесе қоғамдық-саяси оқиғалардың құрметіне белгіленеді және идеологиялық, тәрбиелік әрі мәдени жүктемені арқалайды", – деп қосты ведомство өкілдері.
Осылайша, жұмыс беруші еңбек заңнамасына және ұжымдық шартқа сәйкес 31 желтоқсанды қосымша демалыс күні ретінде бекітуге құқылы.
