in

Қандай жағдайда күмәнді мобильді аударымдар бойынша салық органдарына түсініктеме беру қажет

Салық органдары азаматтардың мобильді аударымдарына назар аударған кезде оған табыс белгілерінің бар екенін хабарлайды. Алайда тек ескертпе келген жағдайда ғана әрекет ету қажет. Толығырақ – astana24.com сайтында.

2026 жылдан бастап банктер тоқсан сайын азаматтардың күмәнді мобильді аударымдары туралы ақпаратты салық органдарына бере бастады. Мұндай мәліметтермен жұмыс екі кезеңмен жүреді.

Алдымен мемлекеттік кірістер органдары азаматтарға табыс белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді.

"Учет" порталының мәліметіне сүйнексек, хабарлама алған азаматтар оған жауап беруге міндетті емес. Ол аударымдар салық органдарының назарына ілінгенін хабарлайтын ақпараттық сипатқа ие.

Алайда мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы мұнымен аяқталмайды. Екінші кезеңде, егер негіз болса, салықшылар камералдық бақылау жүргізеді. Егер бақылау барысында сәйкессіздік анықталса, азаматқа ескертпе жіберіледі.

Ескертпеге міндетті түрде жауап беру керек. Оны орындауға алған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні беріледі. Әрекет етудің екі нұсқасы бар:

Маңызды:

Хабарлама адамды салықтан жалтарды деп айыптамайды;

Ескертпе салық автоматты түрде есептелді дегенді білдірмейді;

30 жұмыс күні хабарламаға емес, ескертпені орындауға беріледі.

Кімге ескертпе келуі мүмкін

Салықшылар мобильді аударымдарға байланысты хабарлама жіберуі үшін адамның банк шотындағы жағдай бір уақытта үш критерийге сай болуға тиіс:

Осылайша, жеке аударымдарды табыс алу үшін пайдаланбайтын қарапайым қазақстандықтар алаңдамаса болады – оларға салық органдарынан ешқандай талап қойылмайды.