in

Астанада қоғамдық көлік тарифі өседі: жолақы 150-ден 400 теңгеге дейін жетеді

Астана әкімдігі қалалық және қала маңындағы автобустардағы жолақының сараланған тарифін бекіту туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы атқарушы органның сайтына сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Қаулы мәтінінде Астана бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бағдарларына сараланған тариф көрсетілген.

Астанадағы автобус жолақысының тарифтері

"Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүруді пайдаланады", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі Астанадағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын 150 теңге мөлшерінде бекітуді ұсынған еді. Жаңа тарифті 1 желтоқсаннан бастап енгізу жоспарланып отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, Астанада соңғы 12 жыл ішінде жолақы құны тек бір рет өзгерген.