Бірқатар араб елінің әуе компаниялары хуситтердің Эр-рияд әуежайына жасаған шабуылынан кейін Сауд Арабиясына бағытталған рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды astana24.com "Анадолуға" сілтеме жасап.
Хуситтердің шабуылына ұшыраған Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17 қазанға дейін жұмысын тоқтатқаны атап өтілген.
Соңғы оқиғаларға байланысты:
Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты ел азаматтарына үндеу жасағанын жазған едік.
